Бүгін Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Қостанай»халықаралық әуежайында «Ташкент – Қостанай – Ташкент» бағытындағы жаңа әуе қатынасын іске қосу мүмкіндіктері бағаланды.
Жаңа маршрутты талқылау шарасына «Қостанай» халықаралық әуежайы АҚ Басқарма төрағасы Аскар Бекбосынов, Авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы Ержан Жакенов, «Қазақ-өзбек бизнес кеңесі» құрылтайшысы және «Тәжік-өзбек этнокультурлық орталығы «Шарк» ҚҚ төраға орынбасары Ибрагим Мамталиев, Қостанай шекара бақылау бөлімшесінің бастығы Дарижан Абилов, Қостанай технологиялық университетінің ректоры Руслан Абдулин, өңірлік туристік компаниялар мен «Centrum Air» әуе компаниясының басшылары қатысты.
«Centrum Air» әуе компаниясының жергілікті нарық пен ТМД елдеріндегі сатулар жөніндегі директоры Анастасия Арушанова жолаушылар мен туристік нарық сұранысын ескере отырып, маршруттық желіні кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.
Тараптар туристік нарықпен өзара әрекеттесу мәселелері мен халықаралық тасымалдауды әрі қарай дамыту туралы пікір алмасты. Жобаны іске асыру полеттердің географиясын кеңейтіп, өңірдің транспорттық қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.



