Skip to content

Қостанай әуежайында қызметкерлерге арналған спорт залы жабдықталды

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Қостанай» халықаралық әуежайында қызметкерлерге арналған спорт залының жабдықтау жұмыстары аяқталды. Аумағы 100 шаршы метрден асатын бұл кеңістік дене шынықтырумен айналысуға және белсенді өмір салтын ұстануға мүмкіндік береді.

Спорт залында жаттығуға қажетті барлық жағдай жасалған: спорттық құрал-жабдықтар, киім ауыстыратын бөлме және душ бар. Әуежай қызметкерлері кәсіпорын аумағынан шықпай-ақ спортпен шұғылданып, дене белсенділігін күнделікті жұмыс кестесімен үйлестіре алады.

Спорт залы Басқарма төрағасы Асқар Бекбосыновтың бастамасымен жабдықталды. Бұл бастама қызметкерлерді қолдауға, олардың денсаулығын нығайтуға және тұрақты түрде спортпен айналысуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Әуежайдағы жұмыс әр қызметкерден жоғары жауапкершілікті, жинақылықты және ауысым бойы кәсіби міндеттерін орындауға дайын болуды талап етеді. Дене шынықтырумен айналысуға мүмкіндік жасау қызметкерлердің физикалық дайындығын сақтауға және жұмыс ауысымынан кейін күш-қуатын қалпына келтіруге ықпал етеді.

Спорттық кеңістіктің ашылуы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Қостанай» халықаралық әуежайы қызметкерлері үшін қолайлы еңбек жағдайларын жақсарту жолындағы тағы бір қадам болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бізбен хабарласыңы

Бізбен жылдам әрі ыңғайлы байланысу үшін төмендегі пішінді толтырыңыз – біз дереу жауап береміз, сұрауыңызды ескереміз және барлық қажетті ақпаратты береміз.