Skip to content

Үйлесімділік пен жеделдік: әуежайда өртке қарсы оқу-жаттығулар өтті

  • by

26 наурыз күні Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Қостанай» халықаралық әуежайында көлік нысандарындағы өртті сөндіруге арналған тактикалық-құтқару оқу-жаттығулары өтті. Іс-шара әуежай бөлімшелері мен Қостанай қаласының авариялық-құтқару қызметтері бірлесіп ұйымдастырылып, төтенше жағдай кезінде тартылған барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарын пысықтауға бағытталды.

Оқу-жаттығу сценарийіне сәйкес, әуежай аумағында нысанда өрт шықты. Дабыл сигналы түскен сәттен бастап өрт сөндіру бөлімдері, авиациялық қауіпсіздік қызметі, медициналық бөлімшелер және басқа да жедел қызметтер толық дайындыққа келтірілді. Қатысушылардың негізгі міндеті — жедел әрекет ету, өрт ошағын оқшаулау, шартты зардап шеккендерді эвакуациялау және өрттің таралуына жол бермеу болды.

Жаттығу барысында бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі алгоритмдері пысықталып, техника мен жабдықтардың дайындығы, сондай-ақ жеке құрамның даярлық деңгейі тексерілді. Әсіресе, уақыт шектеулі әрі қауіп деңгейі жоғары жағдайларда іс-қимылды үйлестіруге ерекше назар аударылды.

Осындай жаттығуларды өткізу әуежайдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Олар ықтимал кемшіліктерді уақтылы анықтап, жоюға, қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыруға және төтенше жағдайларға әрекет ету тетіктерін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Әуежай жолаушылардың, қызметкерлердің және инфрақұрылымның қауіпсіздігіне басымдық беруді жалғастырып, қаладағы профильдік қызметтердің қатысуымен оқу-жаттығулар мен жаттығу шараларын тұрақты түрде өткізіп келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бізбен хабарласыңы

Бізбен жылдам әрі ыңғайлы байланысу үшін төмендегі пішінді толтырыңыз – біз дереу жауап береміз, сұрауыңызды ескереміз және барлық қажетті ақпаратты береміз.