Skip to content

Авиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Қостанай» халықаралық әуежайында ағымдағы тоқсанның қорытындысы бойынша авиациялық қауіпсіздік мәселелеріне арналған ведомствоаралық кеңес өтті.

Кеңеске әуежай қызметтерінің, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің және өзара іс-қимыл жасайтын мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Қатысушылар өткен кезеңдегі жұмыс нәтижелерін, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін және барлық тартылған құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі жетілдіру жолдарын талқылады.

Ықтимал қауіптердің алдын алуға, белгіленген авиациялық қауіпсіздік талаптарының сақталуына, қызметтердің штаттан тыс жағдайларға дайындығына және ақпаратпен жедел алмасуға ерекше назар аударылды.

Авиациялық қауіпсіздік – әрбір бөлімшенің іс-қимыл үйлесімділігі маңызды болатын күнделікті жұмыс. Дәл осы ведомствоаралық өзара іс-қимыл ықтимал тәуекелдерді уақтылы анықтауға және жолаушылардың, экипаж мүшелерінің және әуежай қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бізбен хабарласыңы

Бізбен жылдам әрі ыңғайлы байланысу үшін төмендегі пішінді толтырыңыз – біз дереу жауап береміз, сұрауыңызды ескереміз және барлық қажетті ақпаратты береміз.