Біздің әуежайдың қызметкерлері Қазақстан Республикасының авиация саласын дамытуға қосқан үлесі мен кәсібилігі үшін марапаттарға ие болды.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің «Құрметті авиатор» төсбелгісімен Басқарма төрағасының орынбасары – Авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы Ержан Жакенов және жерүсті қамтамасыз ету бойынша Басқарма төрағасының орынбасары Жаслан Искаков марапатталды.
Қазақстанның Авиациялық әкімшілігінің алғыс хаттары әуежайдың Авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлеріне табысталды: Умурбек Жакановқа, Арман Закировқа, Айнур Шылмагамбетоваға, Асель Ткачукке және Салима Шаяхметоваға.
Азаматтық авиация саласы мамандарының кәсіби қызметі жауапкершілікті, мұқияттылықты және белгіленген талаптарды қатаң сақтауды талап етеді. Дәл осындай қасиеттер біздің әуежай қызметкерлерінің қауіпсіз әрі тұрақты жұмысының негізін қалайды.
Марапатталған қызметкерлерді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз және алдағы кәсіби қызметтеріне табыс пен амандық тілейміз!