9 ақпанда әуежай әкімшілігінің өкілдері мен Қостанай станциясындағы көліктегі полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері арасында жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында көлік инфрақұрылымы нысандарында қауіпсіздік деңгейін арттыруға және жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған «Назар аударыңыз, жолда адам бар!» акциясы аясындағы профилактикалық шаралар талқыланды.
Сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу, оның ішінде тыйым салынған заттарды сақтау және тасымалдау фактілеріне жол бермеу, сондай-ақ қызметтер арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мұндай кездесулер жолаушылар мен әуежай персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмыстың маңызды бөлігі болып табылады.



