Skip to content

33 жылдық үзілістен кейін Арқалық пен Қостанай арасындағы әуе қатынасы қайта жанданды

  • by

2026 жылғы 1 қыркүйекте Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Қостанай» халықаралық әуежайы «Арқалық – Қостанай – Арқалық» бағыты бойынша алғашқы жолаушылар рейсін қабылдады.

Әуе қатынасының қайта жандануы Қостанай облысы үшін маңызды оқиға болды. 33 жылдық үзілістен кейін Арқалық әуежайы өз жұмысын қайта бастады, осылайша Арқалық тұрғындары әуе көлігін қайта пайдалану мүмкіндігіне ие болды.
«Арқалық – Қостанай – Арқалық» бағыты бойынша тұрақты рейстерді «SCAT» әуе компаниясы аптасына екі рет — сейсенбі және сенбі күндері орындайды.
Жаңа әуе бағыты өңірдегі көлік байланысын нығайтып, Арқалық, Қостанай және облыстың жақын елді мекендерінің тұрғындары үшін сапарларды ыңғайлы әрі қолжетімді етуге мүмкіндік береді.
Бұл бағыттың ашылуы Қостанай облысындағы өңірлік әуе қатынасын дамыту мен көлік қолжетімділігін арттырудағы маңызды қадамдардың бірі.

Қош келдіңіздер! Әуе жолы әрдайым жаңа мүмкіндіктерге бастасын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бізбен хабарласыңы

Бізбен жылдам әрі ыңғайлы байланысу үшін төмендегі пішінді толтырыңыз – біз дереу жауап береміз, сұрауыңызды ескереміз және барлық қажетті ақпаратты береміз.