Чехия Республикасынан Қазақстанға Пржевальский жылқыларын жеткізген әуе кемесі келіп қонды. Пржевальский жылқысы – бүгінгі күнге дейін сақталған жалғыз жабайы жылқы түрі.
Пржевальский жылқыларының қазақ даласына қайта оралуы – осы бірегей жануарлардың тарихи мекендеу ортасындағы популяциясын қалпына келтіруге бағытталған ауқымды табиғат қорғау бағдарламасының маңызды кезеңі. Жобаның жүзеге асуына Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, Прага хайуанаттар бағы, Tierpark Berlin, Биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы, Франкфурт зоологиялық қоғамы және табиғи мұраны сақтауды мақсат еткен басқа да халықаралық серіктестердің ынтымақтастығы негіз болды.
Қостанай әуежайы үшін осы маңызды миссияның бір бөлігі болу – үлкен мәртебе. Біз биоалуантүрлілікті сақтауға, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және экологиялық бастамаларды қолдауға бағытталған жобаларды жүзеге асыруға өз үлесімізді қосып отырғанымызды мақтан тұтамыз.
Жаңа қоныстанушыларға ата-бабалары бір кездері ғасырлар бойы еркін мекендеген туған жерге сәтті бейімделуін тілейміз.
Бағдарламаның келесі кезеңі 5 маусымға жоспарланған. Бұл күні Қостанай әуежайына Германия Федеративтік Республикасынан Пржевальский жылқыларының кезекті тобының келуі күтілуде.
Табиғатты бүгін сақтай отырып, біз келер ұрпақ үшін жарқын болашақ қалыптастырамыз!
Фотосуреттердің авторы: Oliver Le Que, Прага хайуанаттар бағы.













