
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Қостанай» халықаралық әуежайға ұлы ағартушы әулетінің ұрпағы – Шнбулат Амиров, Ахмет Байтұрсыновтың ағасының немересі келді.
Сапар барысында ол Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен рухани мұрасына арналған экспозициямен танысты. Бұл экспозиция әуежай атауын иеленген тұлғаның кім екенін жолаушыларға, соның ішінде шетелдік қонақтарға, кеңінен таныстыру мақсатында жасалған.
Экспозиция әуежайдың барлық жолаушылары мен қонақтары үшін ашық.