Жолаушыларға / Ана мен бала бөлмесі
Ана мен бала бөлмесі
Балалары бар жолаушылар үшін әуежайда ана мен бала бөлмесі жұмыс істейді.
Ана мен бала бөлмесі мектеп жасына дейінгі (5 жасқа дейінгі) балалары бар ұшатын жолаушыларға, сондай-ақ жағдайы бар әйелдерге қызмет көрсетуге арналған.
Ережелер:
- Ана мен бала бөлмесінде қызмет көрсетудің бірінші кезектегі құқығын балалары бар жолаушылар, екі және одан да көп балалары бар жолаушылар пайдаланады.
- Балаларды тамақтандыру оларды ертіп жүретін адамдардың есебінен ұйымдастырылады.
- Мектеп жасына дейінгі балаларға бір ересек адамның сүйемелдеуімен қызмет көрсетіледі.
- Еріп жүретін адам баланы қараусыз қалдырмауға тиіс.
- Ана мен бала бөлмесіндегі балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау жауапкершілігі толығымен еріп жүрушілерге жүктеледі.
- Жеке заттардың сақталуына жауапкершілік еріп жүрушілерге жүктеледі.