Skip to content
Жаңалықтар / “Жарнама орналастыруға арналған алаңдар” байқауы

“Жарнама орналастыруға арналған алаңдар” байқауы

“Қостанай халықаралық әуежайы” АҚ әуежай қызметіне жатпайтын әуежай аумағында қызметтер көрсету үшін жеткізушілерді айқындау бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Конкурс келесі лоттар бойынша жарияланады:

Лот туралы ақпарат

Лоттың атауы Жалдау мақсаты Берілетін алаң (ш. м.) Ш. м. үшін бастапқы баға (теңге/Ай.) ҚҚС-сыз
№1 Лот "жарнама орналастыруға арналған алаңдар" Жарнама берушілер мен жарнама агенттіктерінің жарнамаларын орналастыру үшін орын, алаң беру 32,5 3 000

Конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі №501 бұйрығымен бекітілген әуежай қызметіне жатпайтын әуежай аумағында қызметтер көрсетуге қол жеткізу қағидаларында көрсетілген талаптарға жауап беретін барлық әлеуетті өнім берушілер жіберіледі.

Лоттар бойынша конкурстық құжаттама пакетін 2022 жылғы “19” мамырға дейінгі мерзімде, қоса алғанда, Қостанай қ., әуежай, 3-ғимарат мекенжайы бойынша сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін немесе әуежайдың Интернет-ресурсында алуға болады.

Конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2022 жылғы ” 20 ” мамыр 13 сағат 00 минутқа дейін.

Конкурстық өтінімдері бар конверттерді конкурстық комиссия 2022 жылғы “20” мамыр сағат 15: 00-де мынадай мекенжай бойынша ашады: Қостанай қаласы, Әуежай, 3-ғимарат.

Әлеуетті өнім берушілер мен олардың өкілдері (бірінші басшының қолымен және мөрімен (бар болса) расталған сенімхатты ұсына отырып, конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу кезінде қатыса алады.

Қосымша ақпаратты 8 7142 576-223 тел.арқылы алуға болады.

Бізбен хабарласыңы

Бізбен жылдам әрі ыңғайлы байланысу үшін төмендегі пішінді толтырыңыз – біз дереу жауап береміз, сұрауыңызды ескереміз және барлық қажетті ақпаратты береміз.